«Арсенал» мен «Тоттенхэм» «Бавария» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

«Арсенал» мен «Тоттенхэм» «Бавария» ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Лондондық «Арсенал» мюнхендік «Баварияның» француз шабуылшысы Кингсли Команға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, «Арсенал» француз ойыншысын қатарына қосуды көздеп отыр, себебі бұған дейін олар қызығушылық танытқан «Бавария» ойыншысы Лерой Зане клубпен келісімшартын ұзартпақ. Сонымен қатар, Команды «Тоттенхэм» де сатып алғысы келеді, бірақ қазіргі таңда клуб оның жалақысының жоғары болуына байланысты күту позициясын ұстанып отыр.

Бұған дейін француз футболшысы Сауд Арабиясына көшкісі келетіні белгілі болған. Ол жақта оған Про-Лиганың үздік төрт клубы қызығушылық танытып жатыр.

Осы маусымда Коман барлық турнирде 33 матчқа қатысып, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы футболшыны 35 миллион еуроға бағалап отыр.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или