UFC-дің бұрынғы чемпионы Махачевтің Топурияға қарсы мүмкіндігін бағалады

UFC-дің бұрынғы чемпионы Махачевтің Топурияға қарсы мүмкіндігін бағалады

Аустралиялық файтер, жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Александр Волкановски жеңіл салмақтағы чемпион Ислам Махачев пен Испания өкілі Илия Топурия арасындағы жекпе-жек қалай аяқталатынын болжады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Волкановскидің пікірінше, егер жекпе-жек толық 25 минутқа созылса, жеңіс ресейлік спортшыға бұйырады. Алайда ол Илияның Исламды нокаутқа түсіру мүмкіндігін де жоққа шығармады.

«Егер жекпе-жек 25 минутқа созылса, онда жеңіс Исламға тиесілі болады деп ойлаймын. Бірақ Илия оны ұстап алуы мүмкін деген жақсы мүмкіндік бар. Боксқа келсек, ол жағынан бәрі жақсы», — деді Волкановски Даниэль Кормьенің YouTube арнасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или