Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды

Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды

Спорттық гимнастикадан Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды. Іріктеу барысында Карими екінші нәтиже көрсетіп, 14,166 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасы бойынша да финалға өткен болатын. Ал ат снарядындағы жаттығуларда Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов жүлде үшін күреседі.

Финалдық бәсекелер 12-13 сәуір аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или