«Астана» шабандозы «Баск елінің туры» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңінде 3-орын алды

Бүгін «Баск елінің туры» көпкүндік веложарысының бесінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезең жеңімпазы EF Education-EasyPost командасының ирландиялық шабандозы Бен Хили атанды. Екінші орынды INEOS Grenadiers командасының франциялық өкілі Аксель Лоранс иеленді. Үздік үштікті «Астана» велошабандозы Симоне Веласко түйіндеді.
«Астана» сапында Клеман Шампуссен 9-орын, Харольд Техада 38-орын, Антон Кузьмин — 120-орын, Иде Схеллинг — 133-орын. Антон Чармиг жарысты аяқтай алмады.
«Баск елінің туры». Бесінші кезең. Urduña — Gernika-Lumo. 172,3 шақырым.
1. Бен Хили (Ирландия, EF Education-EasyPost) — 3:55:57
2. Аксель Лоранс (Франция, INEOS Grenadiers) — +1:47
3. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +1:48
9. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана»)
38. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +2:00
120. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана») — +16:08
133. Иде Схеллинг (Нидерланд, «Астана»)
Жалпы есеп:
1. Жуан Алмейда (Португалия, UAE Team Emirates-XRG) — 16:08:05
2. Максимилиан Шахман (Германия, Soudal Quick-Step) — +0:30
3. Флориан Липовиц (Германия, Red Bull-BORA-hansgrohe) — +0:38
9. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +2:14
12. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +2:26
20. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +3:54
126. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана») — +43:17
137. Иде Схеллинг (Нидерланд, «Астана») — +45:43.