«Ақтөбе» клубы орталық стадионға қайта оралады

«Ақтөбе» клубы көптен күткен Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға қайта оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
12 800 көрерменге арналған бұл аренада алғашқы матч 26 сәуір күні «Ұлытау» командасына қарсы өтпек.
Стадионның табиғи жамылғысы толық қалпына келіп қалды. Алдағы екі аптада клуб пен №8 ОСДЮСШОР бірлесіп алаңды соңғы дайындықтан өткізеді: шөпті кесіп, белгілерді салып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Команда үйдегі матчтарын өз алаңында өткізуді асыға күтуде.
Футболшылар өз жанкүйерлерінің қолдауын сезінуді қаласа, жанкүйерлер сүйікті стадиондағы ойындарды сағынған. Дайындық жоспарына сай жүріп жатыр. «Ақтөбенің» қайтып оралуымен бұл арена тағы да елдегі ең көп жанкүйер жиналатын стадионға айналуы мүмкін.
2025 жылғы маусымда «Ақтөбе» төрт ойын өткізіп, әлі жеңілген жоқ: үш жеңіс, бір тең ойын — он ұпай. Үш матчты сырт алаңда өткізсе, «Қайсармен» болған кездесуді №8 ОСДЮСШОР стадионында ойнады.