Бахтиер Зайнутдиинов жарақаты салдарынан мансабын ерте аяқтауы мүмкін

Бахтиер Зайнутдиинов жарақаты салдарынан мансабын ерте  аяқтауы мүмкін

Қазақстандық футболшы Бахтиёр Зайнутди́нов алған жарақаты салдарынан мансабын жалғастыра алмауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Қазақстан құрамасы мен Түркияның «Бешикташ» клубының жартылай қорғаушысы жарақат салдарынан 2,5 айдан бері жасыл алаңға шыққан жоқ. Әлеуметтік желі беттерінде «бұл Бахтиёрдің мансабын аяқтауына негіз болуы мүмкін» деген ақпарат тарап жатыр.

Оған түрік журналисі Серкан Дикме Зайнутдиновта сіңір аймағында ісіну байқалғаны жөнінде айтқан ақпараты негіз болған. Ол жақын арада жарақаттың сипаты мен қалпына келтіру мерзімі тексерілетінін атап өткен. Сол себепті оның футбол мансабына әсер етуі мүмкін мәселелер бар.

Айта кетсек, Бахтиёр Зайнутди́нов футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі наурыз айында өткен екі ойынына дайындыққа келген еді. Ұлттық құрама дәрігерлерінің тексеруінен кейін ол оқу-жаттығу жиынына қатысқан жоқ.

- Дәрігерлер тексеруінен кейін Бахтиёрдің жарақаты бар екені анықталды. Сондықтан дайындыққа қатыспады. Ал мансабы аяқтау жөнінде бізге ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ, - деді Қазақстан футбол федерациясының баспасөз хатшысы Сейіл Қожатай.

Бахтиер Зайнутдинов 1998 жылдың 2 сәуірінде дүниеге келген. Бұған дейін қазақстандық «Тараз», «Астана» футбол клубтарында, Ресейдің «Ростов» және ЦСКА командаларында доп тепті.

Бахтиер Зайнутдинов ыстанбұлдық клубпен 2023 жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойған болатын. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін аталған клуб сапында ойнай алады.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или