Жағажай волейболынан қазақстандық спортшылар Таиландтағы турнирде сынға түседі

Жағажай волейболынан қазақстандық спортшылар Таиландтағы турнирде сынға түседі

Бүгін Таиландтың Сонгкхла қаласында жағажай волейболынан халықаралық жарыс басталды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Биыл дәстүрлі турнирге 20 елдің командасы қатысады. Бұл қатарда Қазақстан да бар. 

Ерлер: Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев (Қазақстан-1), Кирил Гурин мен Мохаммад Абдулмаджид (Қазақстан-2); 

Әйелдер: Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко (Қазақстан--1), Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова (Қазақстан-2);

Еске сала кетейік, Богату мен Яковлев 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізген.

Таиландтағы турнирде топтық кезең 14 сәуірде аяқталады. Ал жүлдегерлер 16-сына белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или