Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Италияға есе жіберді

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қазіргі таңда Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтіп жатқан IA дивизионындағы әлем чемпионатының аясында кезекті кездесуін өткізді.
Ұлттық құрама Италиямен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз 2:0 есебімен жол берді. Қарсылас командадағы гол авторлары: Кристин Делла Ровере мен Анна Каумо.
Айта кетейік, алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны жеңген болатын. Келесі матчта қазақстандық хоккейші қыздар Ұлыбритания құрамасымен кездеседі.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или