Үш қазақстандық гимнаст Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Үш қазақстандық гимнаст Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Осиекте (Хорватия) спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды. Бірінші күнгі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалға шықты.

Нариман Құрбанов ат снарядындағы іріктеу кезеңін бірінші нәтижемен аяқтап, 14,566 ұпай жинады. Осы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов 14,300 ұпаймен алтыншы орынға ие болып, ол да финалға жолдама алды.

Еркін жаттығуларда Милад Карими медаль үшін күреседі. Ол іріктеу кезеңінде 13,866 ұпай жинады.

Айта кетейік, 11 сәуірде Карими кермедегі жаттығуда финалға жолдама алу үшін бақ сынайды. Ал, Асан Сәлімов тіреуішпен секіру жаттығуында өнер көрсетеді.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или