Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Лион» тең тарқасты

Еуропа лигасы: «Манчестер Юнайтед» пен «Лион» тең тарқасты

«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының бірінші ширек финалдық ойынында «Лионмен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лиондағы кездесу 2:2 есебімен аяқталып, соңында екі гол соғылды. 26-минутта алаң иелері Тиаго Алмаданың голының арқасында алға шыққанымен, үзіліске дейін «Манчестер Юнайтед» Лени Йороның (45+5) арқасында таразы басын теңестірді. 88-минутта Джошуа Зиркзее гол соғып, ағылшындық клубқа жеңіс сыйлағандай болды, бірақ қосымша уақытта Райан Черки (90+5) «Лионды» жеңілістен құтқарып қалды.

Қарымта кездесу сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түні Манчестерде өтеді. «Лион» – «Манчестер Юнайтед» кездесуінің жеңімпазы Еуропа лигасының жартылай финалында «Рейнджерс» - «Атлетик» кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или