Клубтар арасындағы ӘЧ: ФИФА топтық кезеңдегі ең көп билет сатылған бес матчты жариялады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде ең көп билеттер сатылған бес матчты жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңде ең көп көрермен жинайтын матчтар мыналар:
«Бока Хуниорс» — «Бавария»;
«Бока Хуниорс» — «Бенфика»;
«Фламенго» — «Челси»;
«Реал Мадрид» — «Әл-Хиляль»;
«Зальцбург» — «Реал Мадрид».
Турнирге алты конфедерациядан 32 команда қатысады, олар сегіз топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік команда плей-офф кезеңіне шығады. Финал 13 шілде Ист-Резерфорд (Нью-Джерси штаты) қаласындағы «МетЛайф» стадионында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 1 миллиард доллардан асады.
Бұл мұндай форматта өткізілетін тарихтағы алғашқы клубтар арасындағы әлем чемпионаты.