Александр Емельяненко дәрігерлердің кеңесіне қарамастан карьерасын жалғастырмақ

Александр Емельяненко дәрігерлердің кеңесіне қарамастан карьерасын жалғастырмақ

Өткен айда омыртқасына ота жасатқан ауыр салмақтағы ресейлік файтер Александр Емельяненко дәрігерлердің кеңесіне қарамастан мүгедек статусын алғысы келмей карьерасын жалғастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дәрігерлер спортқа, аралас жекпе-жекке оралуға кеңес бермейді. Мүгедектік алуды ұсынды. Дәрігер айтқандай, еш қиындық болмайды, бірақ не үшін? Мүгедектерге арналған тегін тұрақ орындары үшін бе? Әрине, мен бас тарттым. Оралуым керек екенін білемін, ораламын және ары қарай өнер көрсетемін. Бәрі керемет, бұрын да бұдан да қиын болған», — деп айтты 43 жастағы файтер.

Айта кетейік, қазіргі уақытта спортшы мүгедектер арбасымен жүреді.

29 наурызда Александр Емельяненко Артем Тарасовпен реванш өткізбек болған, бірақ омыртқасындағы жарақаттан аяқтары жансызданып қалғандықтан, ол жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Оның кейінгі жекпе-жегі былтыр желтоқсанда NFL 2 турнирінде өтті, онда ол бірінші раундта Алексей Гончаровты нокаутқа түсірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или