«Астана» шабандозы «Баск елінің туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңінде 4-орын алды

«Астана» шабандозы «Баск елінің туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңінде 4-орын алды

Бүгін «Баск елінің туры» көпкүндік веложарысының төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезең жеңімпазы UAE Team Emirates-XRG командасының португалиялық шабандозы Жуан Алмейда атанды. Екінші орынды UAE Team Emirates-XRG командасының мексикалық өкілі Исаак Дель Торо иеленді. Үздік үштікті германиялық Максимилиан Шахман (Soudal Quick-Step) түйіндеді.

«Астана» сапында Клеман Шампуссен мен Симоне Веласко топ-10 қатарына енді. Олар төртінші және алтыншы орындар иеленді. Харольд Техада 30-орын, Антон Чармиг 79-орын, Антон Кузьмин 84-орын, Иде Схеллинг 141-орын алды.

«Баск елінің туры». Төртінші кезең. Beasain — Markina-Xemein. 169,6 шақырым.

1. Жуан Алмейда (Португалия, UAE Team Emirates-XRG) — 3:52:39
2. Исаак Дель Торо (Мексика, UAE Team Emirates-XRG) — +0:28
3. Максимилиан Шахман (Германия, Soudal Quick-Step)

4. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана»)
6. Симоне Веласко (Италия, «Астана»)
30. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +2:13
79. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +5:57
84. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана») — +8:16
141. Иде Схеллинг (Нидерланд, «Астана») — +10:26

Жалпы есеп:

1. Жуан Алмейда (Португалия, UAE Team Emirates-XRG) — 12:10:20
2. Максимилиан Шахман (Германия, Soudal Quick-Step) — +0:30
3. Флориан Липовиц (Германия, Red Bull-BORA-hansgrohe) — +0:38

10. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +2:18
12. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +2:26
20. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +3:42
98. Антон Чармиг (Дания, «Астана») — +26:18
127. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана») — +28:57
149. Иде Схеллинг (Нидерланд, «Астана») — +31:23. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или