DAZN Головкинді рингке оралмайды деп есептейді

DAZN Головкинді рингке оралмайды деп есептейді

DAZN стриминг платформасы 43 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) рингке оралмайды деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Орта салмақ қазіргі уақытта жаңа жұлдызға мұқтаж. Геннадий Головкин ресми түрде карьерасын аяқтағаны туралы хабарламағанымен, ол 2022 жылдың қыркүйегінде «Канело» Альвареспен өткен үшінші жекпе-жегінен кейін рингке шыққан жоқ, ал жақында 43 жасқа толды», — деп атап өтті платформа.

Еске салайық, қазіргі уақытта орта салмақта әлем чемпиондарының бірі басқа қазақстандық боксшы — Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО), ол WBO және IBF белбеулерінің иегері. Сонымен қатар, осы дивизионда кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) WBA титулына, ал доминикандық боксшы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) WBC белбеуіне ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или