Қазақстандық файтер келесі қарсыласын бағалады

Қазақстандық файтер келесі қарсыласын бағалады

Бұрынғы UFC файтері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов Legalbet.kz порталына берген сұхбатында келесі қарсыласын бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жаттығу жасаймыз, жұмыс істейміз. Жақында қарсыласым белгілі болды. Оны ұзақ күттік, жауап қашан келеді деп. Міне, жауап келді. Қарсылас Мераб Двалишвили мен Илья Топурияның командасынан. Жақсы, жас файтер. Әр жекпе-жекте дамып, жақсарып келеді. Негізінен, ол ұрып-соғушы, бірақ жақсы күресе алады», — деді танымал файтер.

9 сәуірде Жұмағұлов (17-9) Oktagon 73 турнирінде Грузия өкілі Бено Адамияға (12-8-2) қарсы жекпе-жекте еуропалық лиганың чемпионы титулын сарапқа салады. Турнир Гамбургте өтеді. Бено Адамия ақпан айында Сэм Кризиден (19-6) ұйым белбеуін жеңіп алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или