ЖХЛ-да тағы бір қазақстандық қақпашы өнер көрсетеді

Қазақстандық қақпашы, тулалық АКМ-«Юниор» командасының ойыншысы Владимир Истомин ресейлік клубпен келісімшартын ұзартқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Келісімшарт аяқталып жатыр, оны ұзартамын. Бұл мәселені клуб басшылығымен талқылап қойдым. Жас ерекшелігіне байланысты Жастар лигасында ойнай алмаймын. Енді ересектер лигасы — ЖХЛ-да (Жоғарғы хоккей лигасы) өнер көрсетемін», — деді Истомин Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Истомин — Павлодар хоккейінің түлегі, Қазақстан U18 жасөспірімдер құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысқан. Ол «Барыс» жүйесінде ойнап, 2023 жылдан бастап АКМ клубында өнер көрсетіп жүр. 12 сәуірде қақпашы 20 жасқа толады.
2024/2025 жылғы маусымда Истомин АКМ-«Юниор» сапында Жастар хоккей лигасында (ЖХЛ) 45 матч өткізіп, соққылардың 91,0 пайызын қайтарған.
АКМ-«Юниор» командасы Батыс конференциясының Күміс дивизионында алтыншы орынды иеленді.
Осы маусымда Бүкілресейлік хоккей лигасында Қазақстан құрамасының қақпашылары Джелал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка») пен Максим Павленко («Рязань-ВДВ»), сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ойнаған Илья Румянцев («Сокол») өнер көрсетті.
2024/2025 жылғы маусымда тулалық АКМ командасы Жоғарғы хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 17-орын алып, плей-офф кезеңіне өте алмады.