ӘЧ: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға жол берді

ӘЧ: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға жол берді

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионының B тобында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық хоккейшілердің қарсыласы Италия құрамасы болды.

Бірінші кезеңде италиялықтар минималды есеппен алда болды, ал екінші және үшінші кезеңдерде жағдай айтарлықтай өзгермеді. Нәтижесінде Италия 2:0 есебімен басым түсті.

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойында Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен жеңген болатын.

Александр Тебеньков шәкірттері келесі матчын жексенбі күні сағат 00:00-де Ұлыбританияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или