Атырауға жаңа стадион салынады

Атырауға жаңа стадион салынады


Атырауда 12 мың адам сыятын жаңа футбол стадионының құрылысы жуық арада басталады. Құрылыс жұмыстарын бастауға қажетті барлық рұқсат құжаттары министрліктен алынған.

Стадион құрылысы 25–30 сәуір аралығында басталады деп жоспарланып отыр. Жобаны шетелдік мердігерлер жүзеге асырмақ, алайда оған қазақстандық компаниялар да тартылады. Дегенмен, жергілікті мердігерлер нақты қандай жұмыстарға жауапты болатыны әлі белгісіз.

Жоба аясында аренаның батыс және шығыс трибуналарынан кіреберіс қарастырылған. Батыс бөлігіне VIP-қонақтарға арналған аймақ, баспасөз алаңы мен командалар үшін жеке кіреберіс орналасады. Ал шығыс трибунада жанкүйерлерге арналған демалыс орындары мен жаттығу аймағы болады.

Құрылыс 2026 жылдың желтоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или