Покатилов ойнайтын «Сабахтың» бапкері Березуцкий қызметінен кетуі мүмкін

Әзербайжан Премьер-лигасында өнер көрсететін «Сабах» клубының бас бапкері Василий Березуцкийдің орнын босатуы әбден мүмкін. Prosports.kz Apasport басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, клуб басшылығы ресейлік маманның жұмысына көңілі толмай отыр.
Команда әзірге ел кубогының жартылай финалына дейін жетіп, сырт алаңда «Нефтчиді» 2:1 есебімен жеңгенімен, Березуцкийдің болашағы бұлыңғыр. 23 сәуір күні өтетін қарымта ойында жеңіске жетсе де, ол орнында қала ма – белгісіз.
Чемпионаттағы көрсеткіш те мәз емес. «Сабах» турнирлік кестеде бесінші орында тұр. Команда 29 матчта 36 ұпай жинап, еурокубоктық аймақтан 15 ұпайға қалып қойған.
Айта кетейік, бұл командада Қазақстан құрамасының қақпашысы Станислав Покатилов өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или