Қазақстан мергендері Әлем кубогының кезеңін үздік ондықта аяқтады

Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен нысана көздеу бойынша Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасының екі дуэті үздік ондықтан көрінді. Бұл туралы Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Пневматикалық мылтықпен 10 метр қашықтыққа аралас командалық сайыста Александра Ле мен Ислам Сатпаев жұбы сегізінші орынға тұрақтады. Бұл – жарыстағы ең үздік нәтижелердің бірі.
Ал осы санатта Елизавета Безрукова мен Константин Малиновский ондықты түйіндеп, оныншы орынды иеленді. Бұл нәтиже де команда үшін маңызды тәжірибе болды.
Айта кетейік, жарыс жеңімпазы Қытай құрамасы атанса, екінші орын Үндістанға, ал үшінші орын Аргентинаға бұйырды. Қазақстан құрамасы бұл турнирде бір қола медаль жеңіп алды — оны Арина Алтухова иеленген болатын.