Қазақстанның үздік былғары қолғап шеберлері «Жібек жолы» турнирінде бақ сынайды

Қазақстанның үздік былғары қолғап шеберлері «Жібек жолы» турнирінде бақ сынайды


10–16 сәуір аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан әйелдер арасында халықаралық «Жібек жолы» турнирі өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының арулары да қатыспақ. Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған Prosports.kz осы додаға қатысатын боксшылар тізімін жариялады.

48 келіге дейінгі салмақта ел намысын Ақбота Болат, Гүлназ Борибай және Роксана Гасымова қорғайды. Ал 50 келіде Элянур Турғанова шаршы алаңға шығады. 52 келіде Томирис Мырзақұл мен Анжа Сәдуақасова ел атынан өнер көрсетеді.

54 келіде Элина Базарова мен Сымбат Әлияскер жұдырықтасса, 57 келіде Шахназ Исаева мен Виктория Байдукова бақ сынайды. 70 келіде Бақыт Сейдіш пен Азиза Исина жарысқа қатысады.

Ауыр салмақта, яғни 81 келіден жоғары салмақта, Дина Исламбекова мен Әсел Тоқтасын ел намысын қорғамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или