Олимпиада-2028: бокста әйелдер мен ерлер саны тең болады

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына арналған бокс ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Prosports.kz «Спорт Шредингерге» сілтеме жасап хабарлайды.
Алдағы Олимпиадада алғаш рет ерлер мен әйелдер саны теңеседі — әрқайсысы 124 спортшыдан. Бұл қадам гендерлік теңдікке бағытталған ХОК-тың бастамаларының бірі ретінде қабылданды.
Әйелдер арасындағы салмақ дәрежесі бұрынғы алтыдан жетіге ұлғайды: 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг және 75 кг. Ерлерге де жеті салмақ қалдырылды, алайда олардың шектеулері жаңарды: 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг және +90 кг.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или