Ламин Ямаль тарихи жетістікке қол жеткізді

Ламин Ямаль тарихи жетістікке қол жеткізді

«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль УЕФА Чемпиондар лигасында жаңа тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 жастағы испаниялық футболшы Еуропа кубогының негізгі турнирінде 20 матч өткізген тарихтағы 18 жасқа дейінгі алғашқы футболшы болды.

Айта кетейік, биылғы маусымда жас вингер «Барселона» сапында барлық турнирлерде 43 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 20 нәтижелі пас берді.

Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарт мерзімі 2027 жылдың жазына дейін созылады. Transfermarkt порталында берілген ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 180 миллион еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или