Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьтегі халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Беларусьтегі халықаралық турнирге қатысады

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскте (Беларусь) қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды.

Қазақстан U17 құрамасы Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша УЕФА Даму турнирі өтетін Минск қаласына аттанады. Біздің команда  Қытай, Ресей және Беларусь командаларымен ойнайды. Жарыс 13-18 сәуір күндері өтеді деп жоспарланған.

Аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:

Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Әлихан Шайзада («Астана»), Богдан Воднев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Нұрислам Әлихан («Ордабасы»), Андрей Беляев («Астана»), Әлихан Рамазанов, Мәди Мұқашев, Мансұр Авасханов (бәрі – «Қайрат»), Акбар Сәденов («Ақтөбе»),  Данил Золкин («Шахтер»),  Ерасыл Сәрсенбай («Джейран»), Егор Иманаков («Ертіс»), 

Жартылай қорғаушылар: Арда Ақжан («Ордабасы»), Ернұр Сайлауов («Ертіс»), Ислам Рақым, Дамир Юсупбеков (екеуі де – «Қайрат»), Расул Акимов («Шахтер»), Алан Луканин («Жас Қыран»), 

Шабуылшылар: Мағзум Жоламан («Каспий»), Александр Яковлев («Шахтер»), Амандық Хамидуллин («Астана»), Мадияр Есен («Ертіс»),  Әділбек Турдах, Абдуллах Бегалы, Абылай Жылқайдар (екеуі де – «Қайрат»), 

Бапкерлер штабы:  Бауыржан Сағындық – аға бапкер, Асхат Құсайынов – аға бапкердің көмекшісі, Әсет Айтмағанбетов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар бапкері, Станислав Ведлер – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер.

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өтетін матчтар күнтізбесі:

13.04.2025 | 16:00

Беларусь – Қазақстан

АБФФ Футбол алаңдары кешені

15.04.2025| 13:00

Қытай – Қазақстан 

АБФФ Футбол алаңдары кешені

 18.04.2025| 13:00

Қазақстан – Ресей 

АБФФ Футбол алаңдары кешені

Дереккөз: ҚФФ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или