Магомед Адиев «Атырауға» қатысты сұраққа жауап берді

Магомед Адиев «Атырауға» қатысты сұраққа жауап берді

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев «Атырау» клубының тізгінін ұстайтыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, клубпен байланыс бар екенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Біраз уақыттан бері сөйлесіп жүрміз. Қалай болатынын көре жатармыз», — деді Адиев «РБ СПОРТ» берген сұқбатында.

Бұған дейін БАҚ-та маусымның сәтсіз басталуына байланысты «Атырау» клубында бапкерлік өзгеріс болуы мүмкін екені туралы ақпарат тараған еді. Төрт турдан кейін команда небәрі 3 ұпай жинап, бас бапкер Вячеслав Горовенко сынға ілікті. Қазіргі таңда Магомед Адиев «Атыраудың» бас жаттықтырушысы қызметіне басты үміткерлердің бірі саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или