Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Жәмила Бақбергенова Біріккен күрес әлемі (UWW) жариялаған әйелдер арасындағы рейтингте 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде нөмір бірінші балуан атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін бұл салмақта көш бастап тұрған жапондық Ами Иши 2024 жылы Тиранада өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын. Алайда, 2025 жылы Амманда өткен Азия чемпионатындағы жарқын жеңістен кейін Жәмила Бақбергенова жапон спортшысын рейтингтің бірінші сатысынан ығыстырды.

29 жастағы Бақбергенова Азия чемпионатының финалында Қытай балуаны Юки Люді жеңіп, өзінің құрлықтық додадағы төртінші алтын медалін аллған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или