Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының жас балуаны Ризабек Айтмұхан Біріккен күрес әлемі (UWW) жаңартқан рейтингте әлемнің үздік 15 балуанының қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
2025 жылы Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатындағы сәтті өнерінің арқасында Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алғаш рет әлемдік рейтингтің 15-орынға дейін көтерілді. Бұған дейін ол 33-орында тұрған еді.
Азия чемпионатында 23 жастағы балуан финалға дейін жетіп, финалда жапондық балуан Арашу Йошидаға жол берген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или