Дмитрий Панарин Азия чемпионатының келесі кезеңіне өте алмады

Дмитрий Панарин Азия чемпионатының келесі кезеңіне өте алмады

Қазақстандық бадминтоншы Дмитрий Панарин Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/16 финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы үндістандық Киран Джорджге 0:2 (16:21, 8:21) есебімен жеңіліп, 1/8 финалға шыға алмады.

Айта кетейік, 25 жастағы спортшы Дмитрий халықаралық рейтингте 78-сатыда тұр. Ал оның қарсыласы әлемдік рейтингтің 36-орнында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или