Қазақстандық гимнастар Хорватияда өтетін әлем кубогына қатысады

Хорватияның Осиек қаласы 10-13 сәуір аралығында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңін қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында төменде көрсетілген спортшылар сынға түсетін болады:
- Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдрысов (тұтқалы ат снаряды);
- Милад Карими (керме, еркін жаттығу);
- Асан Салимов (тіреніп секіру).
Айта кетейік, 10-11 сәуір күндері іріктеу болады, ал қалған екі күнде финал өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или