Дмитрий Панарин бадминтоннан Азия чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды

Бадминтоннан Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында ерлер арасындағы жарыстың топтық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық Дмитрий Панарин D тобында өнер көрсетті. Спортшы бірінші орынды иеленіп, Азия чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.
Ол Мьянмадан барған Хейн Хтутты және Бангладеш спортшысы Хандокар Соадты жеңді.
Панариннің келесі қарсыласы — Үндістандық Киран Джордж болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или