Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы турнирде 11 медаль жеңіп алды

Қазақстандық таеквондошылар Сербиядағы турнирде 11 медаль жеңіп алды

Таеквондодан Сербияның Белград қаласында өткен Serbia Open G1 халықаралық турнирінде Қазақстан кадеттер мен жасөспірімдер құрамалары сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кадеттер екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер жарысты төрт алтын және бір қола жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді.

Кадеттер арасында Хамзальпер Ромашкин (61 келі) мен Диас Байдуллаев (33 келі) чемпион атанды. Екінші орынды Руслан Стацина (37 келі) еншіледі. Ерсұлтан Оразбекұлы (49 келі), Сұлтанмұхаммед Розиев (45 келі) және Мирас Исенгельдин (65 келі) үшінші орыннан көрінді.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Теміржан Тасқын (51 келі), Нұрперзент Саматұлы (48 келі) және Қанат Рахымберді (68 келі) алтын жүлде иегері атанды. Бекет Болатұлы (73 келі) қола медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или