Келер маусымда Чемпиондар лигасында кемінде 5 ағылшын клубы болады

Ағылшын Премьер-лигасының кем дегенде бес клубы келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Мұндай мүмкіндік «Арсеналдың» ширек финалда «Реалды» 3:0 есебімен ойсырата жеңгенінен кейін пайда болды. Бұл нәтиже Англияның еурокубоктардағы рейтингін нығайтты.
Англия енді маусым соңындағы УЕФА рейтингінде алғашқы екі орынның бірінен төмен түспейтіні анықталды. Бұл дегеніміз – бір қосымша жолдама беріледі деген сөз.
Тіпті бұл сан жетіге дейін артуы да мүмкін. Ол үшін «Астон Вилла» Конференциялар лигасын, ал «Тоттенхэм» немесе «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасын жеңіп алуы керек және бұл үш клуб АПЛ-де үздік төрттікке кірмей қалуы тиіс.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или