Ресейлік футболшы Қазақстан құрамасында ойнағысы келетінін айтты

Ресейлік «Муромның» шабуылшысы Ислам Евлоев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртуға қызығушылық танытқаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Әрине, қызығушылық бар. Егер мұндай ұсыныс түссе, қарастырар едім деп ойлаймын. азақстан менің отбасым үшін бөтен емес", - деді Евлоев Legalbet.kz тілшісіне.
25 жастағы Евлоев Қазақстанның Тараз қаласында дүниеге келген. Отбасымен бала кезінде Мәскеуге көшіп, футболды Ресейде бастаған.
Шабуылшы «Долгопрудный», «Пересвет», «Сатурн», «Рязань», «Космос» және костромалық «Спартак» командаларында өнер көрсетті. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап екінші А лигасындағы «Муром» клубында ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или