Футбол. Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны жеңді

Футбол. Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны жеңді

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турында өз алаңында Армениямен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Астанадағы «Астана Аренада» өтіп, 3:2 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Қазақстандық команда сапында Әмина Бибосынова екі рет (48-ші және 55-ші минуттар), Әйгерім Айтымова бір голды (71-ші) соқты. Нарине Давтян Арменияның екі добының авторы атанды (63 және 66 минут).

Осылайша Қазақстан құрамасы биылғы маусымдағы Ұлттар лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Лихтенштейнді жеңіп (4:0), Люксембургпен тең ойнап (2:2), Армениядан жеңілістің дәмін татқан (0:2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или