«Астана» велошабандозы «Хайнань турында» жақсы нәтиже көрсетті

«Астана» велошабандозы «Хайнань турында» жақсы нәтиже көрсетті

«Астана» командасының мүшесі Маттео Малучелли Қытайда өтіп «Хайнань туры» көпкүндік веложарысының екінші кезеңінде төртінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды Prosports.kz

Кезең жеңімпазы болып сербиялық велошабандоз Душан Райович «Team Solution Tech — Vini Fantini» командасынан шықты. Екінші болып финишке колумбиялық Луис Карлос Чиа (Huansheng-Vonoa-Taishan Sport) жетті, үшінші орынға эстондық Норман Вахтра (China Glory-Mentech Continental) ие болды.

Малучеллимен бірге «Астана» командасының басқа да бірнеше мүшелері жақсы нәтиже көрсетті: Лев Гонов алтыншы орын алды, Аарон Гейт 16-шы болып келді, Хенок Мулюбырхан 23-ші орыннан көрінді. Николя Винокуров 37-ші орынмен аяқтады, Густав Ван 119-шы, ал Су Хаоюй 134-ші болып жарысты аяқтады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или