Дастан Сатпаевтың дублі «Қайратқа» жеңіс әкелді

Дастан Сатпаев Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турындағы матчтың басты кейіпкеріне айналды. «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 1:4 есебімен ойсырата жеңіп, үш ұпайды еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы таймда бірнеше шабуылдарға қарамастан есеп ашылмады. Екінші таймда Сатпаев алыстан бағыттаған соққысынан кейін рикошетпен есеп ашты, артынша қақпашымен жалғыз шығып тағы бір гол соқты. «Атырау» Чунчуковтың голынан кейін есеп айырмасын қысқартқанымен, «Қайрат» шабуылын жалғастырды. Сатпаев бұл жолы Станоевке гол соғуға мүмкіндік жасап, нәтижелі пас берді. Ал 79-минутта Жоржиньо кездесуге нүкте қойды. Матч соңында «Атырау» ойыншысы Чадунели алаңнан қуылды.
Осылайша, «Қайрат» пен «Астана» 10 ұпаймен турнир кестесінің бірінші сатысын бөлісіп тұр. Ал 3 ұпайы бар «Атырау» оныншы орынға жайғасты.