Қазақстан құрамасының қақпашысына түрік клубы қызығушылық танытып отыр

Қазақстан құрамасының қақпашысына түрік клубы қызығушылық танытып отыр


Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен қақпашы Мұхамеджан Сейсеннің Түркияда ойнауы мүмкін екенін айтты.

– Түркиялық агенттерден ақпарат келді: Бақтиер Зайнутдиновтың ұсынысымен Мұхамеджан Сейсен алдағы уақытта Түркия чемпионатында ойынын жалғастыруы мүмкін, – деді Мәулен Fonteam YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 26 жастағы қақпашы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің екінші турында Лихтенштейнге қарсы өткен ойында (2:0) Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы ресми матчын өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или