Футболдан Қазақстан — Беларусь жолдастық матчы өтуі мүмкін

Қазақстан мен Беларусь ұлттық құрамалары арасында жолдастық матч өткізу туралы келісім жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бізге белгілі болғандай, Беларусь пен Қазақстан Минскіде жолдастық матч өткізу туралы келісімге келді. Ойын 6 маусымда өтеді. Сондай-ақ 10 маусымда Беларусь ұлттық құрамасы Ресеймен де кездеседі», – деп жазады «Ухо» телеграм-арнасы.
Беларусь құрамасы ФИФА рейтингінде 98-орында, ал Қазақстан құрамасы 110-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или