ГЛАВНАЯ
Спортивная гимнастика
Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде тағы да финалға бірінші орынмен шықты
Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде тағы да финалға бірінші орынмен шықты

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz
Спортшы кермедегі жаттығуда іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Милад 14,166 ұпай жинап, бірінші орынмен финалға шықты. Дәл осы бағдарлама бойынша Ілияс Әзізов 12,100 ұпаймен тоғызыншы орын алды, бірақ финалға өте алмады.
Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығуда да бірінші орынмен финалға өткен еді. Ал Ілияс Әзізов пен Дмитрий Потанин қоссырықта жүлде үшін таласады. Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда финалға өткен спортшылардың қатарына енді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или