PGL Cluj-Napoca 2025 турнирінен кейін SAW сапынан екі ойыншы кетеді

SAW киберспорт ұйымы CS2 құрамындағы өзгерістер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
PGL Cluj-Napoca 2025 турнирі аяқталғаннан кейін командадан Рикардо «rmn» Оливейра мен Жозе «shr» Хиль кетеді.
SAW ұйымы жаңа ойыншыларды таңдағандарын айтты, бірақ олардың есімдері әзірге жарияланбады.
Рикардо «rmn» Оливейра SAW сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Ол командаға PGL Major Copenhagen 2024 және ESL Pro League 19-маусымы сияқты ірі турнирлерде қатысуға көмектесіп, IEM Cologne 2024 турнирінде топ-4 қатарына енді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или