Маскерано: "Интер Майами" клубының тізгінін ұстау – мен үшін үлкен мәртебе

Маскерано:  "Интер Майами" клубының тізгінін ұстау – мен үшін үлкен мәртебе

Аргентиналық Хавьер Маскерано америкалық "Интер Майами" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

40 жастағы Хавьер Маскерано жұмыс құжаттарын алғаннан кейін қызметіне кіріседі. Маскераномен келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жоспарланған.

- "Интер Майами" клубының тізгінін ұстау – мен үшін үлкен мәртебе. Осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалануға тырысамын. Бұл клубтың амбициялары мен инфрақұрылымы мені қатты қызықтырды.

"Интер Майами" командасымен бірлесіп жұмыс істеп, клубты жаңа биіктерге көтеруге және жанкүйерлерге ұмытылмас сәттер сыйлауға асықпын, - деп мәлімдеді Маскерано. 

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или