«Ордабасы» үш түлегін негізгі командаға ауыстырды
«Ордабасы» академиясының түлектері Бағдәулет Нұралы, Тимур Рахимов және Жасұлан Әмір кәсіби келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- «Ордабасы» ФК академияның үш тәрбиеленушісімен келісімшартқа отырды!
Бүгін клубымыздың кеңсесінде академияның үш ойыншысы Бағдаулет Нұралы, Тимур Рахимов және Жасұлан Әмір «Ордабасы» ФК-мен кәсіби келісімшартқа қол қойды.Клуб жергілікті таланттарды дамыту бағытын ұстанып, өз ойыншыларын тәрбиелеп, жоғары деңгейде өздерін көрсетуге мүмкіндік беру арқылы ұзақмерзімді стратегиясын растайды.Бағдаулетке, Тимурға және Жасұланға негізгі командада сәттілік тілейміз. Мүмкіндік берілді, енді бәрі өздерінің қолдарында! - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или