Қазақстанды Парижде алтынсыз қалдырған боксшы тағы бір Олимпиадаға қатыспақшы

Қазақстанды Парижде алтынсыз қалдырған боксшы тағы бір Олимпиадаға қатыспақшы

Париж Олимпиадасында бокстан 80 келі салмақ дәрежесінде чемпион болған украиналық Александр Хижняк 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Париж финалында Хижняк қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайды 3:2 есебімен жеңген болатын. Ал, Токионың финалында ол бразилиялық боксшыдан нокаутпен жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді. Енді үшінші олимпиадада бақ сынап көрмекші. Мұндай ойын ол «Украинская правда» басылымына берген сұхбатында айтқан.

«Қазір менің кәсіпқой боксқа ауысатын ойым жоқ. Тағы бір Олимпиада ойындарына қатысқым келеді», - деді ол.

Еске салайық, Париж Олимпиадасын қазақ боксшылары алтын жүлдесіз аяқтады, Нұрбек Оралбай ерлер құрамасынан жалғыз медальға қол жеткізсе, қыздардан Назым Қызайбай қола жүлдегер атанған болатын.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или