«Интер Майами» Мессимен келісімшарт мерзімін ұзартқысы келеді

«Интер Майами» Мессимен келісімшарт мерзімін ұзартқысы келеді

«Интер Майами» басшылары шабуылшы Лионель Месси клубпен келісімшартын ұзартады деп үміттенеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клуб басқарушысы Хорхе Мас айтты.

«Мессиді 2026 жылы жаңа стадионымызда көремін деп ойлаймын», - деп келтіреді журналист Фабрицио Романо Мастың сөзін.

37 жастағы Лионель Мессидің қазіргі келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Осы маусымда аргентиналық футболшы 22 матчқа қатысып, 21 гол соқты және 11 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или