Сарапшылар Өзбекстанның 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігін жариялады
We Global Football порталының мәліметтері бойынша Өзбекстанның 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі 86,7% құрайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сарапшылар Өзбекстанның А тобында бірінші орын алу мүмкіндігін 8 пайыз, екінші орын иемдену мүмкіндігін 78 пайыз деп бағалады.
Азия аймағынан шығуға үміткерлер арасында әлі де жетекші орындарды Жапония (100%), Иран (99,6%) және Оңтүстік Корея (99,2%) алып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Өзбекстан төртінші орында.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Өзбекстан ұлттық құрамасы Солтүстік Корея 1:0 есебімен ұтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или