Қазақстандық шаңғышылар Щучьедегі Шығыс Еуропа Кубогының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды

Қазақстандық шаңғышылар Щучьедегі Шығыс Еуропа Кубогының алғашқы күнінде алты медаль жеңіп алды

21 қараша күні Щучье қаласында Шығыс Еуропа Кубогының бірінші кезеңі басталды. Алғашқы күні спринт бойынша жарыстар өтті, оған 160-тан астам шаңғышы қатысты.

Қазақстан командасының өкілдері барлық алты медальды жеңіп алды.

Ерлер арасында бірінші орынды Святослав Матасов жеңіп алса, екінші орын Ильяс Исабекке, үшінші орын Виталий Пухкалоға бұйырды.

Әйелдер арасында алтын медальды Тамара Эбель иеленді. Екінші орынға Мария Геращенко, үшінші орынға Анна Мельник шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или