Арман Кеңесов «Ақтөбе» жанкүйерлеріне үн қатты
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесов «Ақтөбе» жанкүйерлеріне үн қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Құрметті «Ақтөбе» жанкүйерлері! Қолдау көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс. Бұл клубта керемет үш жыл өткіздім. Алғаш рет Қазақстан ұлттық құрамасына «Ақтөбе» сапында шақырту алдым. Сондай-ақ бірінші кубогыма да осында қол жеткіздім. Ақтөбеде менің өмірімдегі ең жарқын сәттердің бірі болды. Бұл қалада қызым дүниеге келді! Ақтөбе мен оның жанкүйерлеріне бауыр басып қалдым. Осындай титулды клубтың намысын қорғауға шақырғаны үшін алғыс айтқым келеді! Рақмет, «Ақтөбе», біз әлі кездесеміз!», - деп жазды Кеңесов.
Бұған дейін Арман Кеңесов «Ақтөбеден» кеткені хабарланған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или