ҚХЛ тұрақты маусымы: «Барыс» «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды
«Барыс» ҚХЛ тұрақты маусымы аясындағы кезекті ойында сырт алаңда уфалық «Салават Юлаевтан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ғалым Мәмбеталиев келесі құрамды шығарды: Шутов (Бояркин); Савицкий – Николишин – Сетдиков, Бекетаев (А) – Хохлов; Асетов – Шайхмедденов – Панюков (С), Камалов – Данияр (А); Өмірбеков – Мухаметов – Муратов, Гайтамиров – Оразов; Рахманов – Мангисбаев – Оспанов, Королев – Бутенко.
Кездесу Башқұртстан астанасындағы «Уфа Арена» стадионында өтіп, 4:1 (1:0, 1:0, 2:1) есебімен Виктор Козлов командасының пайдасына аяқталды. Астаналық команда сапында жалғыз шайбаны Максим Мұхаметов соқты.
ҚХЛ тұрақты маусымының келесі матчында «Барыс» «Сочимен» кездеседі. Матч 17 қарашада өтеді.
«Салават Юлаев» (Уфа, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 4:1 (1:0, 1:0, 2:1)
Шайбалар:
1:0 — 12:44 Пименов (Ремпал, Цулыгин)
2:0 — 21:20 Ян (Ливо, Зоркин)
3:0 — 53:13 Ремпал. Буллит
3:1 — 54:18 Мухаметов (Королев, Өмірбеков)
4:1 — 57:33 Шаров (Хафизуллин, Набиев)
Қақпашылар: Вязовой — Шутов