Ұлттық құрама капитаны алдағы матчтар туралы өз ойымен бөлісті

Ұлттық құрама капитаны алдағы матчтар туралы өз ойымен бөлісті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Аустриямен болатын матч алдындағы баспасөз-мәслихатына қатысып, ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Біздің чемпионат оныншы қарашада аяқталды. Физикалық тұрғыда, басқа жақтарынан да дайынбыз деп ойлаймын. Енді ертең барлығы жасыл алаңда шешіледі. Құрамаға шақырту алған 27 ойыншының барлығы негізгі құрамның футболшысы саналады. Орысша айтқанда незаменимых не бывает дейді ғой, барлығын ауыстыруға болады деп ойлаймын. Футболды кез-келген ауа-райында ойнай береді. Қар, жаңбыр, жел болсын, барлық кезде де доп тебеміз. Сондықтан, барлық жағдайларға дайынбыз», - деген еді құрама капитаны.

Ертең Қазақстан Ұлттар Лигасының топтық кезеңінің аясында Аустрияны қабылдайды. Ал үш күннен кейін Норвегияға қарсы тұрмақ.

Айта кетейік, Станислав Черчесовтың командасы бір ұпаймен топтағы соңғы орынға жайғасқан.

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или