Таразда қазақ күресінен ел чемпионатына 450-ден аса балуан қатысуда

Таразда қазақ күресінен ел чемпионатына 450-ден аса балуан қатысуда

Тараз қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеге Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, 17 облыстан келген 450-ден астам балуан қатысуда.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысып, кейінгі жылдары төл күресіміздің қарқынды дамып келе жатқанына, чемпионаттың маңыздылығына тоқталды.

«Мемлекет басшысының қолдауымен ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Соның ішінде ұлттық брендіміз — қазақ күресінің орны бөлек. Атап айтқанда, әлемнің 40-тан астам елінде қазақ күресі федерациялары жұмыс істейді. Төл күресіміз жабық ғимараттағы Азия ойындарының, Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының бағдарламасына енді. Палуандарымыз Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, 12 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Спортшыларымыздың халықаралық додаларда топ жарып, ұлт абыройын асқақтатып жүргені біз үшін үлкен мақтаныш! Бүгінгі жарысқа сақа палуандармен қатар жас спортшылардың тәжірибесін жетілдіріп, салауатты, белсенді өмір салтын кеңінен насихаттап, өскелең ұрпақтың қазақ күресіне деген қызығушылығын арттырады деп сенемін», — деді Ербол Мырзабосынов.

Білекті балуандар бәсекесі КСРО-ның және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Марат Нұрмұхамбетұлы Жақыттың 80 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Осы орайда, Министр саналы ғұмырын ұлттық күреске арнаған Марат Нұрмұхамбетұлына Құттықтау хатын табыстады.

Марат Жақыт — 20 жыл Қазақстан, 10 жыл КСРО құрамасын басқарып, спортқа зор еңбек сіңірген тұлға. Ол жалпы 2 еңбек сіңірген спорт шеберін, 25 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 130 спорт шеберін тәрбиелеген.

Айта кетейік, балуандар ел біріншілігінде 16 салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или